Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы (2016.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін. 2. Жоспардың орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайынғы есепті кезеңнен кейінгі жылдың, қаңтар айының 20-нан кешіктірмей, Стратегиялық жоспарлау департаментіне Стратегиялық жоспарды іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Стратегиялық жоспарлау департаменті (Б.Т. Бекенов): 1) бекітілген Стратегиялық жоспарды күнтізбелік 3 күн ішінде Министрліктің веб-порталында орнастыруды қамтамасыз етсін; 2) стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті, есептік кезеңнен кейінгі жылдың, ақпан айының 20-нан кешіктірмей дайындауды және оны Министрліктің веб-порталында орнастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысы Б.Б. Атамқұловқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.17.10. № 726 бұйрығымен стратегиялық жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 256 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы: Бәсекеге қабілетті және инновациялық индустрияны құрумен минералды-ресурстық тәуелді экономиканы әртараптандыру арқылы қазақстандықтардың жоғары деңгейдегі сапалы өміріне жету.
Пайымы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|