Мәслихаттың 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 139 «Қостанай облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 139 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25799 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қостанай облысының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 353 660 181,2 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсімдер бойынша – 5 798 679,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 3 084 179,2 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 33 511,0 мың теңге; трансферттер түсімі бойынша – 344 743 812,0 мың теңге; 2) шығындар – 356 197 468,8 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 4 273 372,7 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттік кредиттер – 12 905 196,0 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 8 631 823,3 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 6 810 660,3 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 810 660,3 мың теңге.»; мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: «11-1. 2022 жылға арналған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылар аударымдарының түсімдерін бөлу нормативтері облыстық бюджетке 100% мөлшерінде белгіленсін.»; көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 17 қаңтардағы № 141 шешіміне 1-қосымша
Мәслихаттың 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 139 шешіміне 1-қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|