«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қоса беріліп отырған «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру қағидалары» бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті: 1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|