Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрыққы 1-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (2021.13.09. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021.13.09. № 368 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тірі жабайы жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш береді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі: 1) лицензия алу үшін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|