«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде: 1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтары 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;»; 30), 37), 40) және 46) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «30) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте мемлекеттің мүдделерін қорғауды және білдіруді қамтамасыз ету;»; «37) басқа тұлғалардың өтініші бойынша сотқа олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, сол сияқты Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 55-бабында белгіленген тәртіппен қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгіну;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|