Қазақстан Республикасының (2019.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 41-VI ҚР Заңын қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы 3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері 4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттері 5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері 6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары 6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу 7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу 2-тарау. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны процестерін басқарудың мемлекеттік жүйесі 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 8-1-бап. Алып тасталды 9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті 11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті 13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті 15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу 16-бап. Алып тасталды 17-бап. Алып тасталды 17-1-бап. Оралмандардың санаттары 19-бап. Алып тасталды 19-1-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 19-2-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия 22-бап. Алып тасталды 24-бап. Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру 25-бап. Оралман мәртебесінің тоқтатылуы 26-бап. Оралмандардың құқықтары мен міндеттері 4-тарау. Отбасын біріктіру мақсатында көшіп келу 27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері 28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі 29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері 5-тарау. Білім алу мақсатында көшіп келу 30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер 31-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келу шарттары 32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге виза берудің шарттары 33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттер 6-тарау. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында көшіп келу 34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары 35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары 36-бап. Шетелдік қызметкерлерге келуге виза беру шарттары 39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға виза беру шарттары 41-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және болу шарттары 42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары 43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары 43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі 7-тарау. Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша көшіп келу 44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары 45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер 46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары 47-бап. Саяси уәждер бойынша келудің және болудың шарттары 48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер 9-тарау. Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар 50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар 51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері 10-тарау. Ішкі көшіп-қонушыларға жәрдем көрсету 52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу 54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары 55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі 59-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 60-бап. Заңсыз көшіп келушілерді шығарып жіберу 62-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі 63-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бұрынғы отандас - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам; 2) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету - оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) - осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді; 4) еңбек көші-қоны - еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсат - жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін, белгіленген нысандағы құжат; 5) заңсыз көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитті жол жүруді бұза отырып, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасында болуы; 6) заңсыз көшіп келуші - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) корпоративішілік ауыстыру - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру; 7) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі; 8) көшіп келуші - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 9) көші-қон - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударуы; 10) көшіп-қонушы - себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-1) қабылдаушы тұлға - көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға; 11) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері - Қазақстан Республикасының шет елде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда 12) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда 13) оралман - тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылды 13-1) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталығы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 13-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-2) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны; 13-3) оралмандар, этникалық қазақтар туралы ақпараттық дерекқор - этникалық қазақтар, оралмандар және олардың отбасы мүшелері, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орналасуы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 13-4) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама - экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат; 14) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 15) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16) 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 17) тұрақты тұруға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды 17-1) уақытша болатын (тұратын) жер - тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай; 18) уақытша орналастыру орталығы - этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын жай; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді 19) уақытша тұруға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 19-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 20-1) 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 21) шақырушы адам - Қазақстан Республикасында тұратын және осы Заңға сәйкес отбасын біріктіру мақсатында өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуіне жәрдемдесетін адам; 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша жаңа редакцияда 22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23) тармақша өзгертілді 23) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат; 24) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25) ішкі көші-қон - жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 26) ішкі көшіп-қонушы - тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам; 27) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 28) этникалық қазақ - шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері Қазақстан Республикасының аумағына келу және Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсатына қарай көшіп келудің мынадай негізгі түрлері бар: 1) тарихи отанына оралу мақсатында; 2) отбасын біріктіру мақсатында; 4) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында; 5) гуманитарлық және саяси уәждер бойынша.
4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттері 1. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясат мынадай негізгі қағидаттарға: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын тану және оларға кепілдік беруге; 2) ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; 3) жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға; 4) пайдаланылатын ақпараттың жаңартылуы және бірнеше рет қайталануы негізінде көші-қон процестерін реттеудің ашықтығына; 5) мемлекеттің көшіп келудің әрқилы түрлерін реттеудегі сараланған тәсіліне негізделеді. 2. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері: 1) көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; 2) өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, оралмандарды ұтымды орналастыруды ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту; 4) ішкі еңбек нарығын шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау жолымен қорғау; 5) Қазақстанның халықаралық еңбек нарығына ықпалдасуын қамтамасыз ету; 6) халықтың жаппай көші-қонына әкеп соқтыруы мүмкін жанжалдардың алдын алу және оларды болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту; 7) ішкі көші-қон ағынын оңтайландыру, көшіп-қонушылардың ел аумағында ұтымды қоныстандырылуын қамтамасыз ету; 8) шетелде тұратын бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен өзара қарым-қатынасты, оның ішінде мәдени ынтымақтастық пен ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту; 9) этникалық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуына жәрдемдесу; 10) көші-қон процестерін реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық, заңсыз көшіп келудің алдын алу және жолын кесу болып табылады.
5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері 1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында: 1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім, медициналық және әлеуметтік көмек алуға; 3) Қазақстан Республикасының көшіп келушілердің болуы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұруға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жерін еркін таңдауға; 5) өзіне тиесілі мүліктік құқықтарын және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа және мемлекеттік органдарға жүгінуге; 6) осы қызмет түрлері ақысыз негізде көрсетілетін оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында ақылы бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алуға құқығы бар. 2. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасында: 1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді атқарады; 2) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келудің, кетудің және онда болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары 2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде еңбек қызметін жүзеге асыруды қоса алғанда, қызметін жүзеге асыру үшін көшіп келушілердің келу, кету және болу ерекшеліктері «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. 2. Келудің және болудың визасыз режимі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, заңды паспорттары немесе оларды ауыстыратын құжаттары бойынша келеді. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге визаны ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері береді. Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визаны ішкі істер органдары береді. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Көшіп келушілер визаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті. Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушінің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен, жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күндік әрбір кезең ішінде тоқсан күнтізбелік күннен аспауға тиіс. |
Содержание 1-тарау. Негізгі ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттері5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу 2-тарау. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны процестерін басқарудың мемлекеттік жүйесі8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті8-1-бап.9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу16-бап.17-бап.17-1-бап. Оралмандардың санаттары18-бап. Оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі19-бап.19-1-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы19-2-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейiн бұл туралы өтiнiш жасаған этникалық қазақтарға оралман мәртебесiн беру21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу21-1-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері22-бап.23-бап. Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары24-бап. Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру25-бап. Оралман мәртебесінің тоқтатылуы26-бап. Оралмандардың құқықтары мен міндеттері 4-тарау. Отбасын біріктіру мақсатында көшіп келу27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері 5-тарау. Білім алу мақсатында көшіп келу30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер31-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келу шарттары32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге виза берудің шарттары33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттер 6-тарау. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында көшіп келу34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары36-бап. Шетелдік қызметкерлерге келуге виза беру шарттары37-бап. Шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің тәртібі38-бап. Этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарындағы шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметін реттеудің ерекшеліктері39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға виза беру шарттары40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары41-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және болу шарттары42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары43-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі 7-тарау. Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша көшіп келу44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары47-бап. Саяси уәждер бойынша келудің және болудың шарттары 8-тарау. Көшіп келушінің қазақстан республикасына келуінен бас тарту үшін және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін жалпы негіздер48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер49-бап. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздер 9-тарау. Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері 10-тарау. Ішкі көшіп-қонушыларға жәрдем көрсету52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету 11-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі. заңсыз көшіп келудің алдын алу54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі56-бап. Қазақстан Республикасының азаматына елден тұрақты тұрғылықты жеріне кетуге рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер57-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге барған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері58-бап. Заңсыз көшіп келудің алдын алу және құқықтық мәртебесі реттелмеген көшіп келушілерді заңдастыру шаралары 12-тарау. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық. Дауларды шешу59-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық60-бап. Заңсыз көшіп келушілерді шығарып жіберу61-бап. Дауларды шешу 13-тарау. Қорытынды ережелер |