Сайлау учаскелерін құру туралы (2022.05.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімі ШЕШТІ: 1. Сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын. 2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 1) аумақтық әділет органында осы шешімді мемлекеттік тіркеуді; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы шешімнің көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді; 3) осы шешім ресми жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Өскемен қаласы әкімінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 1 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-208 тіркелген, 2019 жылы 23 ақпанда «Рудный Алтай» және «Дидар», соңы 2019 жылы 26 ақпанда «Рудный Алтай» және «Дидар» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Н.Ә. Шерубаевқа жүктелсін. 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ф. Құрманов «___»__________2020 жыл
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің 2022.05.09. № 1 шешімімен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 шешіміне қосымша
Өскемен қаласының аумағындағы сайлау учаскелері
№ 1 сайлау учаскесі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|