«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы (2008.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 192 қаулысымен бекітілген
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу жолымен Ақмола, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ға мыналар берілетін болады: жарғылық капиталды капиталдандыру үшін қаржылай қаражат; инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері; жер қойнауын пайдалану құқығы; пайдаланылуына ақы төлеу есебінен кірістерді жинақтауға қабілетті инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер; мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілері; акционерлік қоғамдардың акциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестері және мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - ұйымдар).
2. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі айқындылық, кешенділік және басымдылық қағидаттарына негізделетін болады. Айқындылық қағидаты корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құруды және менеджерлердің жауапкершілігін, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуына тиісті бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты іске асыру үшін мінсіз іскерлік беделі бар кәсіби менеджерлерді тарта отырып, тәуелсіз директорлар институты белсенді түрде пайдаланылатын болады. Кешенділік қағидаты белгілі бір операцияларда және/немесе қызмет түрлерінде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әр түрлі көздері мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларын теңгерімді қолдау жүзеге асырылатынын білдіреді. Басымдылық қағидаты іске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөніндегі жұмыста тиісті өңірдің әлеуметтік маңызды проблемаларын шешу көрсетілетін жобаларға басымдық берілетінін білдіреді.
3. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның міндеттерi
ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге негізделетін болады: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының, индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің (бұдан әрі - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негізінде мақсаттар мен міндеттерге ұйымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету; мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру; өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу; мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру; инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыру; бизнес-жобаларды, оның ішінде концессиялар мен кластерлік бастамалар негізінде іске асыру; шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау; өңірлік әлеуметтік проблемаларды шешуге пайданы бағыттау; мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы шоғырландыру жолымен өңірлердің серпінді дамуын қамтамасыз ету; өңірдің ішкі және сыртқы нарықтардағы экономикалық беделін жылжыту; кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу жолымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру; мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту; бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешуді «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ меншікті және бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу жолымен жүзеге асыратын болады.
4. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның функциялары
Ұйымдардың жалпы жиналыстары және Директорлар кеңестері арқылы оларды корпоративтік басқаруды жүзеге асыру шеңберінде «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады: Мамандандырылған кеңестің ұсынымдары негізінде ұйымдар үшін мақсаттар қою; ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерін бекіту; жеке сектордың бастамаларын іске асыруға бөлінетін ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау; ұйымдардың басшыларын іріктеу және уәждеу.
5. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ны басқару мәселелерi
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекет «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы айқындалады. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің (орталық атқарушы органдардың), Ақмола және Қарағанды облыстары мен Астана қаласы әкімдіктерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді: «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің басым бағыттарын айқындау; «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің мақсаттарын қою; «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бюджетін бекіту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметін қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.11.06. № 576 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Мамандандырылған кеңес - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешімді және оның қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда, Қаржы министрліктерінің және басқа да орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары кіреді. Мамандандырылған кеңес екі жылда бір рет орта мерзімді негізде ұйымдарды басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады және мақсаттарға қол жеткізу мен қаржылық нәтижелерді бағалауды жүргізеді. Мамандандырылған кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және бір айда кемінде бір рет отырыс өткізеді. Мамандандырылған кеңестің қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді Мамандандырылған кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады. Ұйымдардың қызметіне олардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауына негізделмеген мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.
7. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетілген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметіне әсері акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиісті директорлар кеңестерінде өкілдік ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтік басқару шеңберінде шектеледі.
|