<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 18 шілдедегі № 126-VІІІ Заңы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 125-ө Өкімін қараңыз

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

1) 109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «сервис объектілерін)» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ электрқуаттау станцияларын» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 122-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «көлік тұрақтарымен» деген сөздер «көлікке арналған тұрақтармен, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтармен,» деген сөздермен ауыстырылсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын:

«4-7) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдайды;»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:

«4-4) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдайды;».

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 9-1-баптың 9-тармағы жетінші абзацындағы «өткелдерімен қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай болуға тиіс.» деген сөздер «өткелдерімен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

«электрқуаттау станцияларымен қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай болуға тиіс.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 47-1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «объектілерін» деген сөзден кейін «, электрқуаттау станцияларын» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) 49-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «ашық тұрақтарын,» деген сөздерден кейін «электрқуаттау станцияларын,» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) 50-баптың 1-тармағы «ашық көлік тұрақтарын» деген сөздерден кейін «және электрқуаттау станцияларын» деген сөздермен толықтырылсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 14-1) тармақшасы «автожанармай құю станциялары,» деген сөздерден кейін «электрқуаттау станциялары,» деген сөздермен толықтырылсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 7-баптың 2-1-тармағында:

«жиырма бес» деген сөздер «жиырма үш» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бес жыл» деген сөздер «үш жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;

«үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 26-баптың 5-тармағы «жабдықтауды» деген сөзден кейін «, электрқуаттау станцияларына арналған инженерлік инфрақұрылымды ұйымдастыруды» деген сөздермен толықтырылсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

«30-1) электрқуаттау станциясы - электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарын қуаттауға арналған электрқондырғы;»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 2-1-тарау мынадай мазмұндағы 9-5-баппен толықтырылсын:

«9-5-бап. Электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электрқуаттау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі талаптар

1. Электрқуаттау станцияларын электр желілеріне қосу электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Электрқуаттау станцияларын, оның ішінде жабық үй-жайларда орнатылған электрқуаттау станцияларын пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Электрқуаттау станциялары пайдаланатын электр энергиясын тұтыну тәртібі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

4. Электрқуаттау станцияларының электр энергиясын тұтынуы тұрмыстық тұтынуға жатпайды.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) 22-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген тәртіпті бұза отырып, электр желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салынады.».

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 20-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы «көлікке арналған тұрақтарды,» деген сөздерден кейін «, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды,» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 38-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацындағы «көлік тұрақтарын» деген сөздер «көлікке арналған тұрақтарды, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды,» деген сөздермен ауыстырылсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:

«56-1) электрмобиль - аккумулятор батареяларынан, сыйымдылықты жинақтауыштардан және (немесе) отын элементтерінен энергия алатын электр қозғалтқышпен жарақтандырылған және қозғалысқа келтірілетін және тек қана электр энергиясының сыртқы көзінің көмегімен қуатталатын механикалық көлік құралы;»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 41-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жол таңбасымен белгіленетін, оның ішінде автожанармай құю станцияларында арнайы бөлінген орындардың болуы;»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) 42-1-баптың 4-тармағы:

«орынтұраққа қоюға,» деген сөздерден кейін «осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде және» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Тиісті растаушы құжаттың негізінде:

1) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, еңбек ардагерлерінің;

2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар баланың заңды өкілдерінің;

3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І немесе ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналардың;

4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың;

5) электрмобильдер иелерінің көлік құралдары осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орын тұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады.

Жедел және арнаулы қызметтердің көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяктары қосылған көлік құралдары да осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) мынадай мазмұндағы 42-2-баппен толықтырылсын:

«42-2-бап. Электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұру

1. Электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарын жүргізушілер электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұруды электрқуаттау станцияларының көмегімен оларды қуаттау үшін жүзеге асырады.

2. Көлік құралдарын жүргізушілердің электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда оларды қуаттамай тоқтап тұруды жүзеге асыруына тыйым салынады.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жолтаңбасымен белгіленетін арнайы бөлінген орындарды ұйымдастыруға міндетті.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) 54-баптың 4-тармағы 33) тармақшасының бесінші абзацындағы «қозғалтқышы» деген сөз «қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған электрмобильдің тоқтап тұруын қоспағанда, қозғалтқышы» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) 74-баптың 2-тармағының алтыншы абзацында:

«жиырма бес» деген сөздер «жиырма үш» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бес жыл» деген сөздер «үш жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;

«үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

      Президенті

 

     Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 18 шілде

№ 126-VІІІ ҚРЗ