Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын. 4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Председателя Центральной избирательной комиссии от 27 декабря 2022 года № 132/627 Қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларына Тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі № 11/236 қаулысында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9686 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларында 1, 2, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|