Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы (2021.25.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін. ҚР Қаржы министрінің 2021.25.02. № 150 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қызметтік және кезекші автомобильдерді пайдалану белгіленген жүру лимитінің шегінде орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамның), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады. Қызметтік автомобиль - мемлекеттік органдардың көліктік қызмет көрсетуі үшін қызметтік және кезекші автомобильдердің тиістілік нормативте көзделген лауазымды тұлғаға жеке көліктік қызмет көрсетуге арналған жеңіл автомобиль. Кезекші автомобиль - мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне көліктік қызмет көрсетуге арналған жеңіл автомобиль не микроавтобус не автобус, сондай-ақ делегацияларға және басқа да адамдарға көліктік қызмет көрсету үшін қонақтарға арналған жеңіл автомобиль не микроавтобус не автобус. 3. Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|