|
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту;»; 1-тармақтың сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтары 2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: «7) төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету; 8) азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін кәсіби қызметтік және физикалық даярлау, оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұру.»; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|