|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 26 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 27 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1-тармақтың 1) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 52-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер»; 1-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2) 3-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган - бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; 1-тармақтың 3) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады.»; 1-тармақтың 4) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 4) 49-баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; 5) мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.»; 1-тармақтың 5) тармақшасының бірінші - алтыншы абзацы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5) мынадай мазмұндағы 52-2-баппен толықтырылсын: «52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер 1. Мыналар Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады: 1) сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер; 2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сот салатын ақшалай өндіріп алулар; 3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар; 1-тармақтың 5) тармақшасының жетінші абзацы 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 4) «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша; 1-тармақтың 5) тармақшасының сегізінші абзацы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.»; 1-тармақтың 6) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 6) 88-бапта: 1-тармақтың 11) тармақшасындағы «байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «байланысты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) Жәбірленушілерге өтемақы қорына (Қор шотына) жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызуға және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақы төлемін жүргізуге байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»; 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тиісті бюджеттердің, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алынады.»; 1-тармақтың 7) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 7) 98-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына шығаруға жол берілмейді.»; 1-тармақтың 8) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 8) 104-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Жәбірленушілерге өтемақы қорының ақша қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.». 2-тармақ 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2017 жылғы 27 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «7-бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары»; мынадай мазмұндағы 98-1 және 98-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «98-1-бап. Мәжбүрлі төлем 98-2-бап. Мәжбүрлі төлем мөлшері»; 2) 3-бап мынадай мазмұндағы 26-1) тармақпен толықтырылсын: «26-1) мәжбүрлі төлем - бұл Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес соттың айыптау үкімі бойынша өндіріп алынатын тіркелген ақшалай соманы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның төлеу жөніндегі міндеті;»; 3) 42-баптың бірінші бөлігіндегі «мемлекет кірісіне ақша өндіріп ала отырып», «мемлекет кірісіне» деген сөздер тиісінше «Жәбірленушілерге өтемақы қорына ақшалай өндіріп алу шегеріле отырып», «Жәбірленушілерге өтемақы қорына» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «7-бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары»; 5) мынадай мазмұндағы 98-1 және 98-2-баптармен толықтырылсын: «98-1-бап. Мәжбүрлі төлем Жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамнан осы Кодекстің 98-2-бабында белгіленген тіркелген ақшалай сома түріндегі мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен өндіріп алады. 98-2-бап. Мәжбүрлі төлем мөлшері Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен: 1) қылмыстық теріс қылықтар үшін - бес айлық есептік көрсеткіш; 2) онша ауыр емес қылмыстар үшін - он айлық есептік көрсеткіш; 3) ауырлығы орташа қылмыстар үшін - он бес айлық есептік көрсеткіш; 4) ауыр қылмыстар үшін - жиырма айлық есептік көрсеткіш; 5) аса ауыр қылмыстар үшін - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алады.». 3-тармақ 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; №19-І, 19- ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; №21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; №12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; №14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат); 2017 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы); 2017 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнындағы 173-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры»; 2) 71-баптың алтыншы бөлігі бірінші абзацының 22) тармағындағы «қарсылық білдіруге құқығы бар.» деген сөздер «қарсылық білдіруге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақпен толықтырылсын: «23) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес өтемақы алуға құқығы бар.»; 3) 73-баптың екінші бөлігінің 18) тармағы алып тасталсын; 4) 173-бап мынадай редакцияда жазылсын: «173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры 1. Жәбірленушілердің Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен өтемақы алуға құқығы бар. 2. Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарына сәйкес өндіріп алады. 3. Өтемақы ретінде төленген ақшаны өтеу жөніндегі міндетті сот «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде: 1) кінәлі адамға; 2) қылмыс жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдеріне; 3) жеке тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылығымен келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болатын заңды тұлғаға жүктейді. 4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы осы баптың үшінші бөлігінде аталған тұлғалардан «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде Жәбірленушілерге өтемақы қорына азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ақшаны өндіріп алу үшін негіз болып табылады. 5. Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбірленушілерге төленген ақша олардың өтемақы алу үшін анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделмеген құрамдарға қайта сараланған және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан қылмыстық іс тоқтатылған не соттың ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, жәбірленушіден өндіріп алуға жатады.»; 5) 390-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 15-1) тармақпен толықтырылсын: «15-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарында көзделген жағдайларда өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану туралы;»; 6) 401-бап мынадай редакцияда жазылсын: «401-бап. Үкiмнiң қарар бөлiгiнде шешуге жататын өзге де мәселелер Айыптау үкімінің де, ақтау үкiмiнiң де қарар бөлiгiнде, осы Кодекстiң 398 және 400-баптарында санамаланған мәселелерден басқа, мыналар қамтылуға тиiс: 1) қойылған азаматтық талап қою жөніндегі шешiм; 2) заттай дәлелдемелер туралы мәселенiң шешімі; 3) процестік шығасыларды бөлу туралы шешiм; 4) үкiмге апелляциялық шағым жасау не оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi мен мерзiмi туралы нұсқау; 5) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы не оларды жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселенің шешімі; 6) тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларының, сондай-ақ азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, егер мұндай шаралар қолданылған болса, күшін жою туралы, оларды сақтау туралы шешiм. Айыптау үкімінің қарар бөлiгiнде Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу туралы шешім, олардың мөлшері және көрсетілген Қордан жәбірленушіге өтемақы ретінде төленген ақшаны қайтару туралы кінәлі адамға қойылатын регрестік талаптар жөніндегі шешім де қамтылуға тиіс. Ақтау үкімін шығару кезінде сот қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартумен келтірілген зиянды өтеу тәртібін түсіндіретін хабарлама жасайды, бұл үкім жария етілген соң ақталған адамға табыс етіледі.»; 7) 673-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Кодекстің Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы 173-бабының ережелері «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап және соларға сәйкес қолданысқа енгізіледі.». 4-тармақ 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат): 1) 52-баптың бірінші және төртінші бөліктеріндегі «мемлекет кірісіне» деген сөздер «Жәбірленушілерге өтемақы қорына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 55-баптың 3) тармақшасындағы «мемлекет кірісіне» деген сөздер «Жәбірленушілерге өтемақы қорына» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 56-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «мемлекет кірісіне» деген сөздер «Жәбірленушілерге өтемақы қорына» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 143-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат): 2-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) 2016 жылғы 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 9-тармағын, 13-тармағы 1) тармақшасының төртінші және оныншы абзацтарын, 2) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 16-тармағын;». 2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші абзацтарын, 6), 7) және 8) тармақшаларын, 2, 3 және 4-тармақтарын және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы қаңтардың 10-ы. № 132-VI
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |