Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тексеру парағы; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының қызметіне қатысты тексеру парағы; 3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметіне қатысты тексеру парағы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) жән 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|