Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-1-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) белгіленген заңнамалық тәртіппен: 1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.К. Есентаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы Д. Арғындықов 2014 жылғы 28 қараша
Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 110 бұйрығымен бекітілген
Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары
1. Жалпы ереже
1. Осы Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) спорт жарыстарына қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеруден өткізудің тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|