Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 228 бұйрығымен бекітілген
Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Осы Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарда және оны қолдану тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) абоненттік терминал - байланыс желілері бойынша дабыл беру арқылы объектінің орналасу орнын айқындауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің техникалық жабдығы; 2) диспетчерлік орталық - Қазақстан Республикасында тіркелген спутниктік навигация қызметтерін көрсету операторы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|