Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларына біржолғы өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда оған біржолғы өтемақы төлеу қағидалары; 2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер қайтыс болған немесе қаза тапқан кезде оларды жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 102 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда оған біржолғы өтемақы төлеу Қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|