Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы (2016.08.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар); 2) тармақша 2012 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді 2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі. 2. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы 2013 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өзінің қызметін және ішкі құжаттарын Талаптарға сәйкес келтірсін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Талаптардың 4-тармағына сәйкес жасалған тәуекелдерді басқару жүйесіне талаптардың орындалуын бағалау бойынша есепті ұсынсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|