Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы (2024.26.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар (бұдан әрі - бірыңғай талаптар) бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бірыңғай талаптардың 140-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2021.18.01. № 12 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «локальдық желі», «локальдық желінің», «оқшау желі», «оқшау желісінің» деген сөздер тиісінше «жергілікті желі», «жергілікті желінің», «жергілікті желісінің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2022.10.06. № 383 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар (бұдан әрі - БТ) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптарды айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|