Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 ҚОСЫМША
хаттама
І. Жалпы ережелер
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 78-бабына сәйкес әзірленді және ол осы Хаттамаға № 1 қосымшада көрсетілген салаларда мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ортақ қағидаларын қолдану үшін құқықтық негіздер жасауға бағытталған. 2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді: «ішкі нарық» - табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтері айналымда болатын мүше мемлекеттердің нарығы; «табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» - табиғи монополиялар субъектілері саласына жататын көрсетілетін қызметтерді бір мүше мемлекеттің табиғи монополиялар субъектілерінің басқа мүше мемлекеттің тұтынушыларына техникалық мүмкіндігі болған кезде қолайлылығы осындай көрсетілетін қызмет бірінші мүше мемлекеттің тұтынушыларына ұсынылатыннан кем болмайтын жағдайда көрсетуі; «табиғи монополия» - көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түріне деген сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау көрсетілетін қызметтердің осы түрін жүргізу мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне орай мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер нарығының жай-күйі; «мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы» - мүше мемлекеттердің әрқайсысының табиғи монополиялар салаларына қатысты заңнамасы; «мүше мемлекеттердің ұлттық органдары» - мүше мемлекеттің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын органдары; «қызметтер көрсету» - азаматтық айналым объектісі болып табылатын қызметтерді көрсету ұсыну, тауарларды өндіру (өткізу); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|