Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 318 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. «Төтенше жағдайлар комитетінің Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Нұр-Сұлтан қаласы)» мемлекеттік мекемесі оны «Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Нұр-Сұлтан қаласы)» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен. 2. «Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі оны «Төтенше жағдайлар комитеті Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен. 3. «Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесі оны «Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|