Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы (2020.19.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|