Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 4 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 5-бабына, 18-бабының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 10992 болып тіркелген), тарихи-мәдени мұра нысандарын жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде нөмірі 2484 болып тіркелген, 2008 жылғы 19 маусымдағы № 80-81 (15990) «Дидар», 2008 жылғы 19 маусымдағы № 92-93 (18526) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде: осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын; мемлекеттік тілдегі 244, 262, 267, 284, 451, 516 тармақтары, орыс тіліндегі 245, 263, 268, 285, 452, 516 тармақтары алынып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|