|
Мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 204 «Қостанай қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 204 «Қостанай қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7452 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қостанай қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 41748530,6 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсімдер бойынша - 25576653,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 157494,0 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 2033617,0 мың теңге; трансферттер түсімі бойынша - 13980766,6 мың теңге; 2) шығындар - 50460093,2 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 34965,7 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - -75373,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 8601223,9 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 8601223,9 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «7. 2018 жылға арналған қаланың жергілікті атқарушы органының резерві 86591,3 мың теңге сомасында бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|