Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен күші жойылды
«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, 15-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығына қосымша
Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленді және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|