Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы (2016.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|