Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы (2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары 4-бап. Балалардың тең құқықтылығы 5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу 2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат 6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттік саясаттың мақсаттары 7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты 7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл 3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері 8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы 9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы 11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы 12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы 13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары 14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы 15-бап. Баланың білім алуға құқығы 16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы 16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы 17-бап. Баланың мемлекеттік көмекке құқығы 18-бап. Мемлекеттік ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу 19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы 21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы 22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары 23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттік қолдау 24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi 25-бап. Баланың ата-анасымен бipгe тұру құқығы 26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы 5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары 27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық, патронат және баланы қабылдайтын отбасы 28-1-бап. Бала қонақтайтын отбасы 29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу 30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар 6-тарау. Мүгедектігі бар баланың құқықтары 31-бап. Мүгедектігі бар баланың толыққанды өмірге құқықтары 32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 33-бап. Мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік көмек 34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу 36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау 37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау 39-бап. Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау 40-бап. Баланы жезөкшеліктен қорғау 41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу 41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау 8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау 43-бап. Баланың заңды өкілдерi 44-бап. Мемлекеттік органдар және баланың құқықтарын қорғау 45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешу тәртібі 46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттік баяндама 47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау 47-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі 47-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар 47-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары 47-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері 47-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату 47-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі 47-8-бап. Алдын ала болу тәртібі 47-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы 9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етуден ерекшеліктері 48-бап. Бала жауапкершiлігінің ерекшелiктерi 49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудің ерекшелiктерi 50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік 52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «заң актілеріне», «заң актілерінде», «заң актілерімен» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарында», «заңдарымен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала - ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала; 2) бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам; 3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар - бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар; 4) баланы әлеуметтік оңалту - бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар; 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг); 5) баланың әлеуметтік бейімделуі - өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі; 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) баланың заңды өкілдері - ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар; 7) баланы экономикалық жағынан қанау - бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішінде кәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі жастан кіші балалардың еңбегі; 8) жетім бала - ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала; 9) қамқоршылық - он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны; 10) қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны; 11) мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар - мемлекет белгілеген әлеуметтік қызметтер көрсетудің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) мүгедектігі бар бала - тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген бала (балалар) - «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар); 13) патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам (патронат тәрбиелеуші) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны; 14) 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды 15) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары жөніндегі уәкіл - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, өзіне балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктелетін адам.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Осы Заңның қолданылуы 1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады. 2. Осы Заңның баланың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігін толық көлемінде алған балаларға қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Балалардың тең құқықтылығы 1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, білімiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. 2. Некеден де және некесіз де туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.
2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттік саясаттың мақсаттары 1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттік саясатының мақсаттары: 1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу; 2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру; 3) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі тиiстi органдар мен ұйымдар құру; 4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткізуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу; 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету; 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 2. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттік саясат мемлекеттік органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады және: 1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге; 2) балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттік қолдауға; 3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге және сақтауға; 4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына; 5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттік қолдауға негiзделген.
7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегi өкiлеттiктерi 1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiктерiне: 1) балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттік саясаттың негiздерiн талдап жасау; 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) өз құзыретi шегiнде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау; 4) балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6) баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттің халықаралық мiндеттемелерiн орындау және халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн білдiру; 7) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. Жергiлiктi атқарушы органдардың бала құқықтары кепiлдiктерiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету; 2) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі консультацияларды хабарлау мен өткізу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртібін белгiлеу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды 7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты 1. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институтын Қазақстан Республикасының Президенті құрады және ол өз қызметін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында қоғамдық негізде жүзеге асырады. 2. Баланың құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі: 3) балалар үшін қолжетімділік; 4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; 6) жариялылық қағидаттарына негізделеді. 3. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды 7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында: 1) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты өтініштерді және баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың, олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды; 2) баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін кедергісіз іске асыруға және қалпына келтіруге жәрдем көрсетеді; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; 4) білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, қорғаныс, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне баруға кедергісіз қол жеткізеді; 5) баланың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына кедергісіз қол жеткізеді; 6) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері 8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы 1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар. 2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды. 3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы: 1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау; 2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру; 3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттік қолдау; 4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу; 5) біліктi медициналық көмек көрсету; 6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау; 7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi. 4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi. 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуінe зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Осы Заңның қолданылуы3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары4-бап. Балалардың тең құқықтылығы5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу 2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттік саясаттың мақсаттары7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегi өкiлеттiктерi7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл 3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету15-бап. Баланың білім алуға құқығы16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы17-бап. Баланың мемлекеттік көмекке құқығы18-бап. Мемлекеттік ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы20-бап. Баланың мiндеттерi 4-тарау. Бала және отбасы21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттік қолдау24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi25-бап. Баланың ата-анасымен бipгe тұру құқығы26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы 5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық, патронат және баланы қабылдайтын отбасы28-бап. Бала асырап алу28-1-бап. Бала қонақтайтын отбасы29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар 6-тарау. Мүгедектігі бар баланың құқықтары31-бап. Мүгедектігі бар баланың толыққанды өмірге құқықтары32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер33-бап. Мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік көмек 7-тарау. Бала және қоғам34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу35-бап. Бала және дiн36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау38-бап. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау39-бап. Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау40-бап. Баланы жезөкшеліктен қорғау40-1-бап. Баланы денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін өнімдер айналымына тарту жөніндегі әрекеттерден қорғау41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау 8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау42-бап. Алып тасталды43-бап. Баланың заңды өкілдерi44-бап. Мемлекеттік органдар және баланың құқықтарын қорғау45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешу тәртібі46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттік баяндама47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау47-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі47-2-бап. Үйлестіру кеңесі47-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар47-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары47-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері47-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату47-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі47-8-бап. Алдын ала болу тәртібі47-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы47-10-бап. Құпиялылық47-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы 9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етуден ерекшеліктері10-тарау. Қорытынды ережелер50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру |