Білім беру саласындағы лицензияларды айқындау туралы (2022.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2017.19.06. № 379 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.26.10. № 687 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.04.03. № 121 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.19.08. № 581 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті кадрларды даярлау бағыттары және оқу нысандары бойынша жоғары білім, кадрларды даярлау бағыттары және оқу нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар; 2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті діни білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар; 3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім, мамандықтар топтары бойынша әскери, арнаулы оқу орындары үшін, біліктіліктер бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметке лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар; 4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|