Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілсін. 2. Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ә. Рахымжановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 52 бұйрығымен бекітілді
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген және ұсынымдық сипатқа ие. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі мен халықаралық ынтымақтастық департаменті болып табылады. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласына арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|