ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.02. № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен міндетті стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 4-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен күші жойылды
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (2020.21.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан, оқыту нәтижелеріне, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ЖОО) оқу мерзіміне бағдарланып, білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады: 1) академиялық кредит - білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысының көлемін өлшеудің біріздендірілген бірлігі; 2) бейіндік магистратура - жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, оның білім беру бағдарламалары тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар денсаулық сақтау үшін басқару кадрларын даярлауға бағытталған; 3) бейіні бойынша доктор - Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже; 4) біліктілік - алған кәсібі мен мамандығы бойынша белгілі бір қызмет түрін құзыретті орындауға оқу, дайындық деңгейі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|