|
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 426 633 783,5 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 71 251 605,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1 766 027,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 353 616 151,5 мың теңге; 2) шығындар - 424 379 776,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 1 100 343,7 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 13 125 736,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 12 025 392,3 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 942 623,2 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 1 942 623,2 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -788 959,4 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 788 959,4 мың теңге: қарыздар түсімі - 12 500 736,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 17 768 171,3 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 6 056 394,7 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 11/89-VIII шешіміне қосымша
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VIII шешіміне 1 қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|