Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеру парағы бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнің, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|