Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 3-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары
1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі -Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға кететіндер үшін кепіл хатын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды. 2. «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3. «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепіл хатын алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепіл хатын алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында (бұдан әрі - стандарт) көзделген құжаттарды қоса берумен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы тапсырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|