«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы (2021.17.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 984 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-бөлім. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|