Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 620 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1139 қаулысымен бекітілген
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-1) тармақшасына және 4-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік орган – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) өнім беруші – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасқан үкіметтік емес ұйым; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|