«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы (2019.01.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында: 1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) жыл сайын өткізілетін болып белгіленсін. 2. Конкурстың лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Комиссия туралы ереже; 2) Комиссияның лауазымдық құрамы бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Конкурсты өткізу қағидаларын бекітсін; 2) осы өкімді іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімімен бекітілген
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатарынан және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы айқындайтын оның бес мүшесінен қалыптастырылады. Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. ҚР Президентінің 2014.11.04. № 795 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2014.17.09. № 911 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 171 өкімімен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|