ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығымен бекітілген
санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) вакцинаның «ашылған құтысы» - тығыны алып тасталмай, вакцинаны шприцпен тесіп алып, инъекциялық тәсілмен енгізілетін вакцинаның құтысы; 2) өлі вакциналар - өлі немесе белсенділігі жойылған микрорганизмдерден, сондай-ақ микробтық клетканың жекелеген компонеттерінен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерінен дайындалған вакциналар; 3) тірі вакциналар - тірі микроорганизмдерден дайындалған вакциналар; 4) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (бұдан әрі - ИКҚК) иммундаудан кейін орын алатын, медициналық қызметкердің немесе халықтың алаңдатушылығын тудыратын және иммундаудан пайда болды деп есептелетін медициналық жағдай; 5) медициналық иммундық биологиялық препараттар (бұдан әрі - МИБП) - инфекциялық және иммундық (аллергиялық ауруларды қосқанда) аурулардың өзіндік алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, басқа аурулардың иммунологиялық әдістері және физиологиялық жағдайлары көмегімен диагностикалауға, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттерді және олардың антигендерін индикациялауға арналған, иммундық жүйе арқылы емдеуші және профилактикалық әсер ететін препараттар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|