ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің м.а. 2018.04.01. № 12 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 250 бұйрығына 1-қосымша
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2018.04.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде; 2) ұсынылған құжаттардың толықтығын және оларды ресімдеудің дұрыстығын тексеру он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады; 3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты - 10 (он) минут; 4) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 10 (он) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не осы стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздері бойынша қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап: Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|