Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы (2016.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпарат — кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары беретін, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер; 2) ақпарат беру туралы шарт— осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт; 3) ақпарат беруші — кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға; 4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі— ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5) жазбаша нұсқама - уәкілетті органның кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына қолданатын ықпал ету шарасы; 6) кредиттік бюро — кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым; 7) кредиттік есеп — кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны; 8) кредиттік есептерді алу туралы шарт - осы Заңмен көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен кредиттік есептерді алушы арасында жасалатын шарт; 9) кредиттік есепті алушы — кредиттік есепті алуға құқығы бар тұлға; 10) кредиттік есепті беру — кредиттік бюроның кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты беру жөніндегі қызметі; 11) кредиттік тарих — кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы; 12) кредиттік тарих субъектісі — өздеріне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға; 13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі— кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге не кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін басқа тұлғаларға беруге жазбаша рұқсаты; 13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат - заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны; 14) кредиттік тарихты қалыптастыру— кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, құпиялылығын қамтамасыз ету, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы; 15) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары — кредиттік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, кредиттік бюролар, кредиттік есептерді алушылар; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 16) кредиттік тарихтың деректер базасы — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпараттық процестерге негізделген кредиттік бюроның электрондық ақпараттық ресурстары; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16-1) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі - рұқсат) алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; 18) шартты және ықтимал міндеттемелер — өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер және кепілдемелер.
2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Заң кредиттiк тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру, кредиттiк бюроларды құру, олардың жұмыс iстеуi және қызметiн тоқтатуы, ақпарат берушiлердiң кредиттiк тарихтың деректер базасын құру мен қорғауға қатысу жөніндегі қызметін жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері қолданылатын салаға жататын қатынастар осы Заңда реттелмеген қатынастар бөлігінде сол актілермен реттеледi. 3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері Кредиттiк тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына принциптер ескерiле отырып жүзеге асырылады: 1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өзі туралы ақпарат беруді, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсi келiсiмiнiң болуы; 2) барлық кредиттiк тарих субъектілерiнiң теңдігі; 3) ақпаратты, кредиттiк тарихтың деректер базасын және ақпараттық жүйенi мақсатты пайдалану; 4) ақпараттың құпиялылығы; 5) кредиттiк тарихтың деректер базасын және тиiстi ақпараттық жүйелердi қорғауды қамтамасыз ету; 6) азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмауы, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау. 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) кредиттік тарихтың деректер базасын қалыптастырудың дұрыстығы мен өзектілігі.
2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау
4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәліметтер жариялауға жатпайды. Уәкілетті орган кредиттік тарихтың дерекқорындағы ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат ұсынуға құқылы. Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 2. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) осы Заңға сәйкес кредиттiк бюролардың қызметi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсаттар беру; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының сақталу мәселелерi бойынша кредиттік бюролар қызметiне тексерулер жүргiзу; 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді 4) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы кредиттiк бюроларғ, банктерге, банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), сондай-ақ белгіленген мерзімдерде ақпарат берілмеген жағдайда жазбаша ұйғарымдар жiберу; 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) кредиттiк бюроларға және олардың лауазымды адамдарына санкциялар қолдану; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді 6) кредиттiк бюролардың қызметiне, соның iшiнде кредиттiк тарихты қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады. 3. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Мемлекеттiк органдардың кредиттік бюролар, ақпарат берушілер қызметі, кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оны пайдалану мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктерi Уәкiлеттi орган кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану мәселелерi бойынша мынадай: 1) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер үшiн); 2) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу тәртiбi туралы; 3) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртiбi туралы; 4) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсат беру шарттары мен тәртiбi туралы; 5) кредиттік бюроның уәкілетті органға ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну тәртіптері, мерзімдері және көлемдері туралы; 6) кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.
3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Кредиттiк бюролар 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады. 2. 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Рұқсатты уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның рұқсат беру рәсіміне жатпайды. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды 4. Кредиттік бюроның атауында «кредиттік бюро» деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi 1. Кредиттiк бюролар қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады. 2. Кредиттік бюро қызметінің қосымша түрлеріне: 1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi өткізу; 2) кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды өткізу; 3) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету; 4) кредиттік тарих субъектiлерiнің кредит қабілеттілiгiн олар әзiрлеген әдiстеме негiзiнде жүзеге асырылатын бағалау; 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді 5) маркетингтік және статистикалық зерттеулер жатады. 6) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылады (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) 3. Кредиттiк бюролар осы бапта көзделмеген кәсіпкерлік қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-бап. Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттiк бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптар Кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптардың: 1) ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы; 2) кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен Заң 8-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі 1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден: 1) рұқсат алудан; 2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізуден тұрады. 2. Рұқсат алу осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу үшін кредиттік бюро мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы: 1) осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасу; 2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруы; 3) өзімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуі қажет. Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу жөніндегі қажетті іс-шараларды кредиттік бюроның орындауын тексеруді уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісінде көрсетіледі. Кредиттік бюроның осы тармақтың талаптарын, сондай-ақ кредиттік тарихтар деректер базасын және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды орындамауы кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісін беруден бас тартуға негіз болып табылады. 4. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты және кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісі болған кезде ғана жол беріледі. 5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері 1. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды: 1) рұқсат беру туралы өтінішті; 2) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды; 3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға міндетті. 2. Уәкілетті орган рұқсат беру туралы өтінішті осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. 3. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда: 1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы; 2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастыру тәртібі және мерзімдері; 3) баға саясаты мен кредиттік есептерге арналған тарифтерді есептеу тәртібі; 4) кірістер мен шығыстар туралы таяудағы үш жылға арналған болжам; 5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары қамтылуға тиіс. 4. Кредиттік бюро рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді. 5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Рұқсат беруден бас тарту Рұқсат беруден бас тарту: 1) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған белгілі бір қызмет түрі жүзеге асырылған; 2) осы Заңның 8-бабында, 9-бабының 1-тармағында көзделген және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар сақталмаған; 3) егер өтініш берушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.
11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына жазбаша нұсқама жiберуге құқылы. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне арналған кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады. Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 1-2. Уәкiлеттi органның нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды. 1-3. Кредиттік бюро, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржы ұйымы уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың осы жазбаша нұсқамада көзделген мерзімде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті. Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін. 2. Уәкiлетті орган санкция ретінде: 1) әкiмшілік айыппұл салу; 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы; 3) 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру 1. Рұқсаттың қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша: 1) осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптар сақталмаса; 2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуі анықталса; 3) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамасы орындалмаса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. 2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметті қоспағанда, оның қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді. |