|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi (2024.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі туралы epeжe; 2) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат етілсiн. 3. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4-1) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 7) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Мыналарға: Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына төрт орынбасары болуына; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. 6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 140-3), 140-4), 140-5), 140-6), 140-7), 140-8) және 140-9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.19.10. № 835 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі -Министрлік) мынадай салаларда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады: 1) заң жобалау жұмысын жүргiзу, заңнаманы жетiлдiру; 2) халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру; 3) сот-сараптама қызметі; 4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру; 5) заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат; 6) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 7) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2024.15.07. № 552 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті; 3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ тілінде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй. ҚР Үкіметінің 2022.19.10. № 834 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй. 10. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 11. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
ҚР Үкіметінің 2023.29.06. № 513 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Міндеттері: 1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға, үйлестіруге қатысу, сондай-ақ заң жобалау жұмысын жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және дәйекті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу; 2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген құжаттар бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізу; 3) Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта республиканың беделін нығайту мақсатында оның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасасу арқылы құқықтық қамтамасыз ету; 4) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мен тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету; 5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру; 6) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 7) сот-сараптама қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 8) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 9) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асыру; 10) атқарушылық құжаттарды орындау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. 1) құқықтары: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; заң жобасын енгізу мерзімін бұзуға жол берген, Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарында көрсетілген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу; Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмаларын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу қажеттігі туралы ұсыныстар енгізу; сотқа жүгіну; әкімшілік іс жүргізуді қозғау, сондай-ақ басшылықтың қарауы үшін әкімшілік іс жүргізу бойынша қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асыру; өз құзыретінің мәселелері бойынша шет мемлекеттердің әділет министрліктерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасау; ақпараттық қауіпсіздік саласында қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салып жүгіну; 2) міндеттері: өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау; азаматтар мен заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау кезінде жүйелі қателіктерді анықтау үшін талдау жүргізу; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2022.19.10. № 834 Қаулысымен 14-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2022 ж. 14 қарашадан, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2022.28.12. № 1082 Қаулысымен (2023 ж. 20 қаңтарда бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 236 Қаулысымен (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.05. № 397 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 513 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2023.04.09. № 764 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.26.09. № 835 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.02.08. № 624 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Функциялары: 1) заң жобалау жұмысын жүргізу, заңнаманы жетілдіру; 2) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстарды орнату және қолдау; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру; 4) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру, біріздендіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан мойындаған халықаралық нормаларды имплементациялау мәселелері бойынша талдау жүргізу; 5) құзыретті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша шетелдік инвесторлармен сот және төрелік талқылауларға бастама жасау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі жасасатын халықаралық шарттар, нормативтік құқықтық актілер, инвестициялық келісімшарттар жобаларының, Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын қарыз шарттарының заңдық сараптамасы; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету; 8) халықаралық шарттардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету; 9) заң жобалау жұмысы, Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын және заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; 9-1) Үкіметтің заңнамалық бастамасы шеңберінде дайындалатын қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу; 10) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіру; 11) заң жобасы және Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру; 12) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу; 13) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру; 14) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, құқықтық ақпараттандыруды, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету; 15) заң қызметтерінің нарығын талдау, мүдделер қақтығысын болғызбау мақсатында әлеуетті консультанттар тізбесін қалыптастыру; 16) ҚР Үкіметінің 2023.29.06. № 513 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 17) орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің жұмысын үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау; 18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан шетелдік контрагенттермен шетелдік төрелікті тараптар арасындағы дауларды шешудің тәсілі ретінде пайдалана отырып, айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерін құрайтын сомаға жасалатын шарттардың жобаларын қарау және оларға ұсынымдарды беру; 19) мемлекеттік сатып алу жүргізуді ұйымдастыру; 20) өз құзыреті шегінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдау; 21) заңнамаға түсіндірме беруге, уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөздер процестеріне қатысу; 22) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау; 23) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы және ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша заң сараптамасының нәтижелерін қамтитын Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасы бойынша қорытынды беру; 24) заң жобалау, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыруға осы мақсаттарда бюджеттік және өзге де қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын, оның ішінде шетелдік мамандар мен сарапшыларды тарту; 25) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікке (сотқа) дейінгі реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғауды және білдіруді қамтамасыз ету; 26) Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, оның ішінде мемлекеттік органдарға сот және төрелік наразылықтарды беру себептерін талдау; 27) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау және мемлекет мүдделерін қорғау жөнінде уақтылы шаралар қабылдау; 28) мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде ғылыми-әдістемелік және заң көмегін көрсету; 29) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету; 30) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтінішхаттарын орындау; 31) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап қоюмен жүгіну; 32) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну; 33) әділет органдарының ақпараттық қауіпсіздікті сақтауын қамтамасыз ету; 34) құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсету; 35) тармақша 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 35) құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету, «Е-заңнама» («Е-законодательство») ақпараттық жүйесін жүргізу; 36) орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында, мәслихаттарда және олардың аппараттарында, әкімдіктерде, әкімдер аппараттарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді, олардың күшін жоюды және нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласындағы бақылау; 37) мемлекеттiк органдардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, әкімдердің олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған нормативтiк құқықтық актілерiне қатысты, әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзу; 38) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелік (сотта) реттеуге дейінгі процесте мемлекет мүдделерін қорғау және білдіру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тартатын шетелдік заң консультанттарының жұмысын үйлестіру; 39) халықаралық төрелік иститутының төрешілер мен медиаторлар панеліне кандидаттарды іріктеу тәртібін әзірлеу және бекіту; 40) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; 41) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу; 42) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету; 43) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрлері бойынша бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру; 44) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру; 45) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау; 46) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау; 47) ашық НҚА интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау тәртібін әзірлеу және бекіту; 48) Министрліктің даму жоспарын әзірлеу және бекіту; 49) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ өтініш иелері көтерген жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау; 50) эталондық заңнамалық актiлердi және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды, оның iшiнде бірыңғай құқықтық ақпараттық жүйені пайдалана отырып шарттық негiзде беру; 51) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысу; 52) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін заң жобаларын және қабылданған заңдарды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен келісу; 53) нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингтеу жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру; 54) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету; 55) мемлекеттік сот орындаушысының қызметін бақылауды жүзеге асыру; 56) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асыру; 57) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушыларының лицензияларынан айыру туралы талап қоюға бастама жасау; 57-1) Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушылары лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізу; 58) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылауды жүзеге асыру; 59) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу; 60) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдер мен электрондық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасасу; 61) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау; 61-1) Бірыңғай электрондық сауда алаңы операторының қызметін бақылауды жүзеге асыру; 62) сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту; 63) жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есеп пен жиынтық есеп нысанын әзірлеу және бекіту; 64) жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы келісім нысанын әзірлеу және бекіту; 65) алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдауға байланысты жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қағидаларын және мөлшерін бекіту; 66) жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 67) тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілеу; 68) жеке сот орындаушыларының куәлігі мен жеке мөрінің үлгілерін әзірлеу және бекіту; 69) жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту; 70) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту; 71) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |