VI шақырылған Атырау облыстық мәслихатының XXII сессиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 224-VI «Атырау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 587-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXХІIсессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. VI шақырылған Атырау облыстық мәслихатының XXІІ сессиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 224-VI «Атырау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4194 тіркелген, 2018 жылы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1, 2-қосымшалар осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е. Ихсанов) жүктелсін. 3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|