Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін; 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 186 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізімі
1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген): кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-тармағына және 5-бабының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында: 2 – тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «5) интернаттық ұйымдар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|