ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.12.01. № 21 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.01.02. № 46 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 291 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тартады. 5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - келісім-хат немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|