|
|
|
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 690 Қаулысы (2022.26.01. берілген өзгерістермен)
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі туралы ереже; 2) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 690 қаулысымен бекітілген
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерін (бұдан әрі - инновациялық кластер) дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық кластерді басқаруды жүзеге асырады. 2. Кеңес қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Кеңестің негізгі функциялары
3. Кеңестің негізгі функциялары: 1) инновациялық кластерді дамытудың стратегиялық міндеттерін айқындау; 2) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар болып табылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |