Осы редакция 2019 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 216 қаулысымен бекітілген
«Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2018.28.12. берілген өзгерістермен)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018.28.12. № 308 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру (бұдан әрі - қорытынды). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|