Қазақстан Республикасының (2015.23.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттық инфрақұрылым - ақпаратты қалыптастыру, жасау, өзгерту, өңдеу, беру, пайдалану және сақтау техникалық құралдары мен жүйелерінің жиынтығы; 2) ақпараттық кеңістік - жеке және қоғамдық санаға, ақпараттық инфрақұрылым мен ақпараттың өзіне де ықпал ететін, ақпаратты қалыптастыруға, жасауға, өзгертуге, өңдеуге, беруге, пайдалануға, сақтауға байланысты қызмет саласы; 3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк) - адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi; 4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) - ұлттық мүдделерді нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғауға бағытталған ұлттық қауіпсіздік субъектілерінің қызметі; 5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі - ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде ұлттық қауіпсіздік субъектілері іске асыратын құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық және өзге де шаралар жиынтығы; 6) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi - іске асырылуынан мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық тұрғыдан танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы; 7) ұлттық қауiпсiздiкке қауiп-қатерлер - Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн iске асыруға кедергi келтіретін немесе кедергі келтіруі мүмкін сыртқы және ішкі факторлардың (процестер мен құбылыстардың) жиынтығы; 8) ұлттық қауiпсiздiк объектiлерi - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары; қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары; мемлекет, оның конституциялық құрылысы; 9) ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында негізгі проблемаларды және қауіп-қатерлерді, стратегиялық мақсаттарды және нысаналы индикаторларды, міндеттерді және нәтижелер көрсеткіштерін айқындайтын Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық құжаты; 10) ұлттық қауiпсiздiк субъектiлерi - өз өкiлеттiктерін биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдары.
2-бап. Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз етудің құқықтық негіздері 1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе тәуелсіздіктен айырылуға әкеп соғатын; 2) Қазақстан Республикасының егемендік құқықтарының аясын тарылтатын халықаралық шарттарды жасасуға жол берілмейді.
3-бап. Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету қағидаттары Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету қағидаттары: 1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдылықты сақтау; 2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы; 3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң жедел өзара хабардар етiлуі және іс-қимылдарының үйлесiмділігі; 4) ұлттық қауiпсiздiктiң барлық түрлерiнiң бiрлiгi, өзара байланысы және теңдестiрiлімдiгi, ахуалдың дамуына байланысты олардың басымдығының жедел өзгеруі; 5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде алдын алу-профилактикалық шараларының басымдығы; 6) ұлттық қауіпсіздікке келтірілген және/немесе ықтимал нұқсанның ауқымы мен сипатына ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының уақтылы және лайықты болуы; 7) адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтау, олардың өзара жауапкершілігі; 8) ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс-қимылдардың барлық жиынтығын іске асырудың бақылауда болуы; 9) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің халықаралық қауіпсіздік жүйелерімен ықпалдастығы; 10) мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің аражігін нақты ажырату болып табылады.
4-бап. Ұлттық қауіпсіздік түрлері Ұлттық қауіпсіздік түрлері: 1) қоғамдық қауiпсiздiк - қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі; 2) әскери қауіпсіздік - әскери күштерді қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері қорғалуының жай-күйі; 3) саяси қауіпсіздік - азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және олардың мүдделерінің теңгерімі, мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі; 4) экономикалық қауiпсiздiк - экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі; 5) ақпараттық қауiпсiздiк - елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі; 6) экологиялық қауiпсiздiк - қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерi 1. Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерi: 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; 2) заңдардың дәлме-дәл әрi бiркелкi орындалуы және құқықтық тәртiпті сақтау; 3) елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау; 4) қазақстандық отаншылдық және Қазақстан халқының бiрлiгi; 5) қазақстандық қоғамның материалдық және рухани-имандылық құндылықтарын сақтау мен еселей түсу; 6) денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің азаматтар мен қоғамның әл-ауқатын жақсарту қажеттіліктеріне лайықты деңгейі мен сапасына қол жеткізу және оны сақтап тұру; 7) елдің білім және ғылым әлеуетінің қоғам мен азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, инновациялық және зияткерлік даму қажеттіліктеріне лайықты деңгейі мен сапасына қол жеткізу және оны сақтап тұру; 8) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының, оның iшiнде елдің тәуелсіздігінің, бiртұтастығы мен президенттiк басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына қол сұғылмаушылығының және аумағының бөлiнбестiгiнiң мызғымастығы; 9) мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, олардың қызметiнiң тиімдiлiгiн арттыру; 10) Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму; 11) экономикалық қауіпсіздікті толық көлемде қамтамасыз ететін агроөнеркәсiптiк, отын-энергетика кешендері, көлік және өндірістік салалар, қаржы жүйесі субъектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi; 12) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жауынгерлiк және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 13) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін толық көлемде қамтамасыз ететін қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыруды қамтамасыз ету және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің отандық субъектілерін дамыту; 14) бәсекеге қабілетті және қорғалған ұлттық ақпараттық кеңістікті қолдау және дамыту; 15) қоршаған ортаның жай-күйін сақтау және жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; 16) Қазақстан Республикасының даму басымдықтарына сай келетін халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйі; 17) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының жағымды имиджі мен беделін нығайтуға бағытталған саяси бастамаларды ілгерілету; 18) Қазақстан халқы мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстардың салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден бейбіт уақытта және соғыс уақытында қорғау болып табылады. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен толықтырылуы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнің құжаттарымен нақтылануы мүмкiн.
6-бап. Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер 1. Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер: 1) ұлттық мүдделердің қорғалу дәрежесінің төмендеуiне ықпал ететiн заңдылық пен құқықтық тәртiп деңгейінің төмендеуі, оның iшiнде қылмыстың, оның ұйымдасқан нысандарын қоса алғанда өсуi, мемлекеттiк органдардың қылмыстық құрылымдармен, террористік немесе экстремистік ұйымдармен кірігуі, лауазымды адамдардың капиталдың заңсыз айналымына қолдау жасауы, сыбайлас жемқорлық, қарудың және есiрткi заттарының заңсыз айналымы; 2) демографиялық ахуалдың және халық денсаулығының нашарлауы, оның iшiнде бала туудың күрт төмендеуi, өлiм-жiтiмнiң көбеюі; 3) бақылаусыз көшi-қон процестері; 4) елдiң денсаулық сақтау, бiлiм және зияткерлік әлеуетi деңгейі мен сапасының төмендеуі; 5) Қазақстан Республикасы халқының мәдени және рухани мұрасынан айырылуы; 6) ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан, жаппай тәртiпсiздiктерден көрінетін әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығуы; 7) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiртұтастығына, аумағының тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, бөлiнбестiгiне, күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін iс-әрекеттер; 8) кез келген нысандардағы және көріністердегі терроризм, экстремизм мен сепаратизм; 9) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған шет мемлекеттер арнаулы қызметтерінің, сондай-ақ ұйымдар мен жеке адамдардың барлау-бүлдіру іс-әрекеті; 10) мемлекеттiк органдардың қызметiне iрiткi салу, олардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн бұзу, елде басқару деңгейінің төмендеуі; 11) стратегиялық ресурстарды ел мүдделерiне кереғар пайдалануды қоса алғанда, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, инновациялық дамуға және инвестициялық белсендiлiктiң артуына кедергi жасау, капитал мен тауарларды елден тысқары жерлерге бақылаусыз әкету, көлеңкелі экономиканың өсуі; 12) қаржы жүйесі орнықтылығының төмендеуі; 13) өндiрістің қысқаруы, өнімдер мен тауарлар сапасының, бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң, экспорттық, транзиттік әлеуетінің және қолжетiмдiлiгiнiң төмендеуi, Қазақстан Республикасында өндiрiлмейтiн өнімдер мен тауарларды басқа мемлекеттерден әкелудің қысқаруы; 14) елдiң қорғаныс қабiлетi деңгейінiң төмендеуi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының қол сұғылмаушылығына, оның өзіне күш қолдану қауiп-қатері төнуі, оған қарсы агрессия; 15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрiлген құралымдар құру; 16) елдің ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ ұлттық ақпараттық ресурстардың рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғалу деңгейінің төмендеуі; 17) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал ету; 18) экологиялық жағдайдың, оның ішінде ауыз су сапасының күрт нашарлауы, дүлей зілзалалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар, эпидемиялар мен эпизоотиялар; 19) халықаралық деңгейде Қазақстанның ұлттық мүдделеріне, саяси беделіне және экономикалық рейтингіне нұқсан келтіру болып табылады. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Ұлттық қауiпсiздiкке қауiп-қатерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнің құжаттарымен толықтырылуы және нақтылануы мүмкiн.
2-тарау. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ
7-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi 1. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын оны қамтамасыз ету күштері, адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әскери және өзге де сипаттағы шараларды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар құрайды. 2. Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген құқықтары мен міндеттерін іске асыру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
8-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң негiзгi функциялары Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң негiзгi функциялары: 1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін айқындау; 2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттарын, міндеттері мен негізгі бағыттарын айқындау; 3) ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп-қатерлердi анықтау, талдау, бағалау және болжамдау; 4) ұлттық қауiпсiздiкке төнетін қауіп-қатерлердiң алдын алу және оны бейтараптандыру жөнiнде жедел және ұзақ мерзiмдi шаралар кешенiн әзiрлеу және жүзеге асыру; 5) халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған саяси бастамаларды ілгерілету; 6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiн ұдайы дайындықта ұстау; 7) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық және өңірлік қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.
9-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерi 1. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiне: 1) барлау, қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар; 2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, экономикалық тергеу қызметі және авариялық-құтқару қызметтері жатады. 2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету заңнамада белгіленген өкілеттіктерге сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттің лауазымды адамдары үшін міндетті болып табылады. 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштері және өзге де мемлекеттік органдар өзара байланыста iс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау бойынша бірлескен іс-шараларды іске асырады және өздерінің құзыретiне жататын мәселелер бойынша бiр-бiрiн өзара хабардар етеді. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерi мен өзге де мемлекеттiк органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ, ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ, ПАРЛАМЕНТІНІҢ, ҮКІМЕТІНІҢ, СОТТАРЫНЫҢ, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
10-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктері Қазақстан Республикасының Президентi: 1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды; 2) елдiң ұлттық мүдделерiн қорғау саласында барлық мемлекеттiк билік тармақтарының келісілген қызметін қамтамасыз етедi; 3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша актiлер шығарады; 4) Қауiпсiздiк Кеңесiн құрады және басқарады, оның мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекітеді; 6) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің өкілеттіктері 1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Қауіпсіздік Кеңесінің өкілеттіктерін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
12-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Парламентi ұлттық қауіпсіздік саласындағы өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүзеге асырады.
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдардың жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi; 2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады; 3) министрліктердің, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне басшылық жасайды; мемлекетпен үлестес емес заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншiгiндегі стратегиялық объектiлердiң тiзбелерiн түзедi; 5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан стратегиялық объектiлер жөнiнде комиссия құрады; 6) жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi стратегиялық объектiмен ұлттық қауіпсіздікке қауiп туғызуы мүмкiн азаматтық-құқықтық мәмiле жасасуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмді Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы стратегиялық объектiлер жөнiндегi комиссияның ұсынымдары негiзiнде қабылдайды; 7) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiне сәйкес ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
14-бап. Қазақстан Республикасы соттарының өкілеттіктері Соттар: 1) азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Конституцияның, осы Заңның және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етедi; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қол сұғылатын қылмыстық және өзге құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асырады.
15-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi 1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асырады: 1) ұлттық қауіпсіздік органдары - конституциялық құрылысты, мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғау жөнінде қарсы барлау қызметін, мемлекеттік шекараны күзетуді, үкіметтік байланысты сақтап тұруды және қамтамасыз етуді, сондай-ақ терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында ведомствоаралық қызметті үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті мен Үкіметін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесетін, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдастырушы және үйлестіруші орган болып табылатын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган; |