Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 333 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 6 Қаулысымен күші жойылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 15509) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау қағидаларының 33-тармағына, Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау бойынша республикалық комиссияның 2017 жылғы 2 қарашадағы № 5 хаттамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуін; 2) әкімдіктің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінересми жариялау және енгізуүшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде облыстың аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда ресми жариялауға оның көшірмесін жіберуді; 4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|