Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы №33-19 шешіміне қосымша
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-1 «Облыстық және аудандар (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4631 тіркелген, 2016 жылы 27 желтоқсанда «Орал өңірі» газетінде жарияланған). 2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5451 тіркелген, 2018 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|