ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019.17.05. № 139 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 cәуірдегі № 146 бұйрығына 1-қосымша
«Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (2019.17.05. берілген өзгерістермен)
1. «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталдары (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi порталға жүгінген сәттен бастап - 7 (жетi) жұмыс күнi. Көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) порталға жүгінген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18473 болып тіркелген) нысан бойынша фильмге прокаттау куәлігі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|