Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына 9-қосымша
«Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (2021.23.11. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңының 10-бабы, 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Экологиялық ақпарат беру» (бұдан әрі -мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетіледі. 3. Қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет алушы)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы «электронды үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі - портал) порталы арқылы қызмет берушіге осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша экологиялық ақпаратты алуға өтініш береді. Мемлекеттік қызметті көрсету (әрекет) негіздемесі болып осы Қағиданың 2-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың қосымшасымен қызмет алушының арызы болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе «Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді алуға келісімін береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|